Әлем футболы

«Бавария» 20-рет Германия кубогын жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» футбол клубы Германия кубогын жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Финалдық ойында «Байерден» басым түсті.

Берлиндегі «Олимпиаштадион» стадионында өткен матч 4:2 есебімен аяқталды. «Бавария» сапынан Давид Алаба, Серж Гнабри және Роберт Левандовски (дубль) гол соғып, көзге түсті.

Осылайша, «Бавария» қатарынан екінші жыл ел кубогында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ мюнхендік клуб бұл жүлдені жиырмасыншы рет жеңіп алып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер