Әлем футболы

АПЛ: «Манчестер Юнайтед» төртінші орынға көтерілді

АПЛ: «Манчестер Юнайтед» төртінші орынға көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер-лигасының 33-туры аясында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Борнмут» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Кездесу 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

«Қызыл сойқандар» сапында Мэйсон Гринвуд (дубль), Маркус Рашфорд, Антони Марсьяль және Бруну Фернандеш гол соқты. Ал қонақтар сапынан Джуниор Станислас пен Джошуа Кинг мергендік танытты.

Осы жеңісінен кейін МЮ 55 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Бірақ бесінші орынға сырғыған «Челсидің» (54 ұпай) бір ойыны кем. Егер ол бүгін түнде «Уотфордты» жеңсе, қайтадан төртінші сатыға жайғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер