Хоккей

Найджел Доус мансабын «Ак Барс» командасында жалғастырады

Найджел Доус мансабын «Ак Барс» командасында жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының шабуылшысы, «Барыстың» бұрынғы капитаны Найджел Доус мансабын «Ак Барс» командасында жалғастырады.

«АренаБреда» Telegram-каналының мәліметінше, Найджел Доус қазандық «Ак Барсқа» ауысуға келісімін берді. Келесі аптада хоккейші келісімшартқа қол қояды.

Айта кетейік, Найджел Доус «Барысқа» оралуға дайын болған, бірақ клуб ұсыныс жасаған жоқ. Соңғы екі маусымда, 35 жастағы хоккейші Екатеринбургтің «Автомобилистінде» өткізіп, жылына 150 миллион рубль табыс тапты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер