Командалық

Италиялық клуб: Сабина Алтынбекова – өз елінің маржаны

Италиялық клуб: Сабина Алтынбекова – өз елінің маржаны
news-banner7
mobile-news-top

Италияның «Волалто Казерта» командасы сапына жаңадан қосылған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованы ерекше таныстырды.

– «Волалтоның» жарқын трансфері! Қазақстан құрамасының ойыншысы, елінің маржаны, Мисс волейбол, Instagram-парақшасында 1 миллион оқырман жазылған, YouTube-та 4 миллион қаралым жинаған Сабина Алтынбекова екі маусым бойы «Волалто Казертаның» жейдесінде өнер көрсетіп, клубтың имиджіне жауап береді.

Бұл трансферді клубтың басқарушы директоры Розалии Сантороның өзі жүргізді. Сабина тек дарынды ойыншы, Қазақстан құрамасының көшбасшы ғана емес, әлемнің ең сұлу қыздарының бірі. Сұлулық, күш пен сүйкімділік – қош келдің, Сабина!, - деп жазды италиялық клуб.

Қазақстандық волейболшы жаңа клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған. Алдағы маусымда «Волалто Казерта» Италияның ең жоғарғы әйелдер лигасы – А1 Сериясында бақ сынайды. Былтыр клуб соңғы 14 орын алғанына қарамастан коронавирус кесірінен чемпионаттың ерте тоқтауына байланысты жоғары лигадағы орнын сақтап қалды.

Қазақстандық волейболшы «Әл-Васл» командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады.

Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы өткен маусымда «Әл-Васл» командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады. Одан бөлек 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын «CSS Sunbeam» командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда «Алматы» клубында өнер көрсеткен.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер