Вагнер Лав Қазақстанға жол жүрді

Вагнер Лав Қазақстанға жол жүрді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Вагнер Лав Қазақстанға жол жүрді. Бұл туралы футболшының жары Лена Перес Instagram-парақшасында мәлімдеді.

– Алматылық клуб 5 шілдеден бастап Қазақстанда карантин шаралары күшейтілуіне байланысты футболшыдан тезірек жолға шығуын өтінген. Өйткені шекара жабылса Вагнер Лав тек тамыз айында Қазақстанға келе алатын еді, деп жазады «Секретный агент КПЛ» телеграм-каналы.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианс» клубымен келісімшартын бұзған болатын. Кейінірек ойыншының Мәскеу ЦСКА-ға оралуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды. Бірақ Вагнер Лав өзінің «Қайратқа» ауысатынын жариялады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер