Қазақстандық қақпашы шетелдік клубтан кетті

Қазақстандық қақпашы шетелдік клубтан кетті
news-banner7
mobile-news-top

24 жастағы қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов Қырғызстанның «Қағанат» командасынан кетті.

Бұл туралы қақпашы Instagram-да жазды.

Жомартов қырғыз премьер-лигасының бірінші турындағы «Алға» командасымен матчта (0:0) «Қағанат» сапында ойнады. Нәтижесінде қазақстандық қақпашы матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Осы кездесуден кейін қырғыз чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

Азамат Жомартов «Қағанатқа» осы жылдың наурыз айының басында ауысты. Бұған дейін ол атыраулық жастар құрамасы мен шымкенттік «Қыран» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер