Самат Сәрсенов Латвия чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Самат Сәрсенов Латвия чемпионатындағы алғашқы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшы Самат Сәрсенов өнер көрсететін «Валмиера» командасы Латвия чемпионатының 5-турында «Спартакпен» кездесті.

Командалар 2:2 есебімен тең тарқасты. Бұл матчта Сәрсенов латвиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Ол 55-ші минутта таблодағы есепті қысқарта алды. Әріптесі Толуваласе Арокодаре таразы басын теңестіре алды. Самат төрешінің соңғы ысқырығына дейін алаңда өнер көрсетті.

Айта кетейік, Сәрсенов «Валмиера» сапында ақпан айында «Қайраттан» ауысып барған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер