ММА

Геннадий Головкин Хабиб Нурмагомедовті қолдап, көңіл айтты

Геннадий Головкин  Хабиб Нурмагомедовті қолдап, көңіл айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовке әкесінің қайтуына байланысты көңіл айтты.

«Нурмагомедовтер отбасына, досым Хабибке әкесі Абдулманап Магомедовичтің қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Сіздермен бірге қайғырамыз», - деп жазды Головкин Twitter-парақшасында.

25 сәуір күні Абдулманап Нурмагомедов пневмониямен ауруханаға түскен. Жақында инсульт алып, жүрегіне ота жасаған соң комаға түсті. Бүгін жаттықтырушы сепсис (ағзаға жұқпалы аурудың тұтас жайылып кетуі) пен миға қан құйылғаннан қайтыс болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер