ММА

Промоутер Нурмагомедовке Гэтджиге қарсы кездесуден бас тартуды ұсынды

news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек әлемінде ТМД елдері арасында танымал промутер Камил Гаджиев жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ ол спортшыға алдағы Джастин Гэтджиге қарсы кездесуден бас тартуды ұсынды.

"Бұл үлкен қайғы. Жас болғанына қарамастан Абдулманап Нурмагомедов көп тірлік бітіріп кетті. Көп адамдардың үлгі тұтатыр тұлғасына айналды. Бұл Ресей спортын өзгерткен тұлған.

Бұл қайғыдан кейін мүмкін Хабибтің жекпе-жек өткізгені де дұрыс шығар. Ішіндегісін бір шығарып алады. Бірақ, ол кездесуден бас тартса да болады. Оған ешкім ренжімейді. Қалай дегенде де Хабибке барлығын ойланып, шешім шығару үшін уақыт керек", - деді Гаджиев ресейлік басылымдарға берген сұқбатында.

Хабибтің әкесі 3 шілде күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де қайтыс болған. Ол емханада өкпенің екі жақты қабуынуы және одан бөлек жүрек қантамырлары ауруымен жатқан. Ем қабылдап жатқан кезде бапкер инсульт алып, содан соң өзіне келе алмаған.

Еске салайық, Нурмагомедов 25 сәуір күні Дағыстандағы емханаға өкпе қабынуы деген диагнозбен түскен. 3 мамыр күні оны Мәскеуге жеткізді. Кейіннен даңқты маманнан коронавирустың шыққаны анықталды. Бірақ 19 маусым күні ол індеттен айыққан. Дегенмен де бірнеше уақыт комада жатқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер