Бокс

Головкиннің бапкері «Канелоға» күтуге кеңес берді

Головкиннің бапкері «Канелоға» күтуге кеңес берді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Джонатон Бэнкс Salita Promotions Youtube-каналында шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Олар жұдырықтасады деп үміттенемін. Алайда соңғы екі жылда кездесуден бас тартып жүрген «Канело» екенін түсіну керек. Енді «Канело» GGG-мен мынадай бір күні жұдырықтасқысы келетінін айтады. Бірақ Головкин оған: «Менің жоспарым бар. Мені бақылай алмайсың. Мен сені осы жылдар бойы күттім, ал сен бас тарттың. Енді сен дайын болғанда, менің де өз шаруам бар» деп жауап берді», - деді Бэнкс.

Бапкердің айтуынша, «Канело» Головкинмен жұдырықтасқысы келсе, GGG-дің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегін күту қажет.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» 2017 және 2018 жылдары қолғап түйістірген еді. Біріншісінде боксшылар тең тарқасса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер