Әлем футболы

Хави «Барселона» тізгінін ұстайды

Хави «Барселона» тізгінін ұстайды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық El Mundo Deportivo басылымының журналисі Франсеск Агилар Twitter парақшасында «Барселонаның» бұрынғы капитаны Хави Эрнандес келесі маусымда каталониялық клубты жаттықтыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Журналистің хабарлауынша, «Барселонаның» қазіргі бас бапкері Энрике Сетьен осы маусымнан соң командадан кетеді. Басшылық оны маусым бітпен жатып да жұмыстан босатуы мүмкін екен.

Агилардың мәліметі бойынша, 40 жастағы Хавиге жылына 6 миллион еуро жалақы көрсетілген келісімшарт ұсынылады. Хави қазір катарлық «Әл-Садд» клубын жаттықтырады.

Еске салайық, Хави «Барселона» ойыншысы ретінде 1998-2015 жылдар арасында ойнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер