Әлем футболы

«Реал» ойыншысы «Интерге» ауысты

«Реал» ойыншысы «Интерге» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының жас қорғаушысы Ашраф Хакими «Интер» ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.

21 жастағы ойыншы үшін «Интер» 40 миллион еуро жұмсады. Келісімшарт мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал жылдық жалақсы 5 млн еуро болады.

Айта кетейік, мароккалық қорғаушы соңғы екі маусымда «Боруссия Дортмундқа» жалға берілген. Хакими дортмундтық команда сапында керемет өнер көрсетті. Биылғы маусымда Бундеслигада 32 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 8 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер