Тоқаев букмекерлік кеңселер туралы заңға өзгеріс енгізді

Тоқаев букмекерлік кеңселер туралы заңға өзгеріс енгізді
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. Олар ауылдарды интернетпен қамту, салықтық рақымшылық және ойын бизнесіне қатысты.

Президент ойын бизнесі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға да қол қойды.

Елімізде арнайы ойын аймақтары екі облыста – Ақмола облысындағы Бурабай курорты мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласында орналасқан. Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді елдегі бүкіл букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар осы екі өңірде шоғырланады.

Ойын бизнесі туралы заң жобасының жаңашылдығы – букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставка қоюға рұқсат етіледі. Яғни, ставка қоюға болатын оқиғалар тізімі тек спорттық шаралармен шектеледі.

Фото: Экспресс К

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер