Футзал

«Қайратқа» бразилиялық шабуылшы ауысып келді

«Қайратқа» бразилиялық шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық шабуылшы Фернандиньо «Қайрат» футзал клубының ойыншысы атанды, деп хабарлады Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт 2020/2021 жылғы маусымға арналған. Сондай-ақ, келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

«Жаң ойыншымызды шын жүректен қарсы аламыз, әрі селбестігіміз сәтті де жемісті болады деп сенеміз. Фернандиньо мансабында Ресей чемпионатының үздік шабуылшысы және сұрмергені ретінде танылды. 2013 жылы футзалдан құрлықаралық кубоктың «Ең бағалы ойыншы» жүлдесін жеңіп алды. 36 жастағы шабуылшы 2017 жылдан бастап португалиялық «Бенфика» сапында өнер көрсетті. Биыл ол клубпен келісімшарт мерзімі аяқталды.

Фернандиньо Алматыға еркін агент ретінде ауысып келді. Бразилиялық шабуылшы - Ресейдің бес дүркін чемпионы, Бразилия футзал лигасының жеңімпазы, екі дүркін Португалия чемпионы және Португалия кубогының иегері. Сонымен қатар 2012 жылы Бразилияда өткен футзалдан әлем чемпионатының жеңімпазы», - деп жазды клубтың ресми сайты.

Фернандо Насименто Косме

Алаңдағы орны: шабуылшы

Туған күні: 1983 жыл 7 шілде

Бой/салмағы: 170 см/67 келі.

Клубтық мансабы: 1999-2000 Тиете (Бразилия) 2000-2001 Циркуло Милитар (Бразилия) 2001-2002 Сан Паулу (Бразилия) 2002 Баруери (Бразилия) 2002-2004 Ульбра (Бразилия) 2004-2009 Аскар Луго (Испания) 2009-2017 Динамо (Россия) 2017 Жовинили (Бразилия) 2017-2020 Бенфика (Португалия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер