Әлем футболы

Соңғы 20 жылда ең көп сары қағаз алған ойыншылар анықталды

Соңғы 20 жылда ең көп сары қағаз алған ойыншылар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

GiveMeSport порталы 2000 жылдан бері ең көп сары қағаз (ескерту) алған ойыншылардың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған тізімде «Реал Мадрид» капитаны Серхио Рамос көш бастап тұр. Ол қазірге дейін 259 сары қағаз алған. Ал екінші, үшінші орындарды мексикалық бұрынғы футболшы Херардо Торрадо (228) мен «Сан-Паулу» қорғаушысы Дани Алвес (210) өзара бөлісті.

Соңғы 20 жылда ең көп сары қағаз алған 10 ойыншы:

1. Серхио Рамос («Реал») — 259 сары қағаз.

2. Херардо Торрадо (Мексика құрамасының бұрынғы ойыншысы) — 228.

3. Дани Алвес («Сан-Паулу») — 210.

4. Хаби Алонсо (Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы) — 197.

5. Даниэле Конти («Кальяри», экс-капитан ) — 190.

6. Габи («Аль-Садд») — 189.

7. Рауль Гарсия («Атлетик») — 185.

8. Давид Альбельда (эИспания құрамасының бұрынғы ойыншысы) — 183.

9. Джампьеро Пинци («Падова») — 182.

10. Эмре Белезоглу («Фенербахче») — 181…

22. Александр Гацкан («Крылья Советов») — 165.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер