Басқа

World Archery шілде айының ортасында жарыс күнтізбесін жариялайды

World Archery шілде айының ортасында жарыс күнтізбесін жариялайды
news-banner7
mobile-news-top

1 шілдеден бастап халықаралық садақ ату федерациясы жарыс кестесін жаңартатынын мәлімдеді.

Ұйым жергілікті билік спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат бергенде ұлттық федерацияларға турнирлерді ұйымдастыруға кеңес берді. Жарыс барысында санитарлық-гигиеналық талап пен қауіпсіздік шаралары толық сақталуы тиіс.

Бірнеше ай көлемінде World Archery мамандары жарыс кестесін жаңарту бойынша жұмыс істеп жатыр.

Кез-келген шараны халықаралық деңгейде өткізудің өміршеңдігін ұлттық федерациялар, спортшылар, жаттықтырушылар және басқа да лауазымды тұлғалар бағалайды. 2020 жылғы маусымға арналған соңғы шешім 15 шілдеден кешіктірілмей жарияланады. Осы кеңестердің нәтижелеріне қарамастан, 2021 жылы садақ атудан Әлем кубогының өтетін уақыты 20 шілдеде белгілі болады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер