Әлем футболы

«Эвертон» Коутиньоға қызығушылық танытып отыр

«Эвертон» Коутиньоға қызығушылық танытып отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Эвертон» футбол клубы «Барселона» ойыншысы Филиппе Коутиньоны қатарға қосуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб 27 жастағы футболшыны «Баврияға» жалға берген. Германиялық клуб сапында ол биыл 23 матчқа қатысып, 9 гол соқты.

Каталониялық клуб биыл жазда Коутиньоны сатуға ниетті. Осы арқылы клубтың қаржылық қиындығын сәл жеңілтеткісі келеді.

Айта кетейік, бразилиялық жартылай қорғаушыны «Барселона» 165 млн ероға сатып алған болатын. Коутиньо бұған дейін де Англияда доп тепкен. «Ливерпуль» сапында үздік ойыншылардың бірі болған.

Біз бұған дейін Коутиньоға «Тоттенхэм», «Арсенал», «Челси» сынды англиялық клубтар қызығушылық танытып отырғанын жазған едік. Енді ол қатарға «Эвертон» қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер