Қазақстандық мамандар ФИФА білім беру семинарына қатысты

Қазақстандық мамандар ФИФА білім беру семинарына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Форумды ФИФА Төрешілер комитеті мен Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті ұйымдастырды. Семинар екі апта ішінде онлайн-конференция түрінде өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясынан ФИФА нұсқаушысы Фархад Абдуллаев қатысты.

Ойын эпизодтарын біртұтас түсіндіру және жақында қабылданған ойын ережелерінің өзгерістері семинардың басты тақырыбы болды.

2018 жылғы 2лем чемпионаты мен соңғы жылдардағы бірқатар ірі турнирлердегі төрешілердің жұмысын көрсететін бейнематериал қолданылды.

«ФИФА Төрешілер комитеті әр ойында болатын түрлі жағдайларды көрсетті. Топқа бөлу арқылы білім беру процесі нәтижелі болды деп санаймын. Әрбір даулы сәтті мұқият қарап шықты. Семинарда өткізілген бағдарлама біздің төрешілеріміздің дайындық деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан чемпионатының қайта басталуы қарсаңында өте маңызды», - дейді ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер