Бокс

Головкин мен Пакьяо жұдырықтасса, кім жеңеді

Головкин мен Пакьяо жұдырықтасса, кім жеңеді
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джектің менеджері Майк Леанарди қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) арасындағы ықтимал жекпе-жекке болжамын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жекпе-жектің қалай өтетінін білмеймін. Бірақ Головкинді таңдаймын. Ол жас емес, бірақ Пакьяоға қарағанда жастау және ол әлдеқайда ірі. Әлдеқайда», - деді Леанарди.

Айта кетейік, Мэнни Пакьяо - WBA Super тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы. Ал Головкиннің орта салмақта IBF және IBO белбеулері бар.

Бұған дейін Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум Головкин - Пакьяо кездесуін ақымақтық деп бағалаған болатын. Ал Пакьяоның менеджері және кеңесшісі Шон Гиббонс бұл жекпе-жектің ешқашан болмайтынын мәлімдеген еді.

Америкалық боксшы Головкин - Пакьяо жекпе-жегіне болжам жасады

Мейвезер: Головкин Пакьяоға мүмкіндік бермейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер