Карпович: Жеңіліс үшін бар кінәні өз мойыныма аламын

Карпович: Жеңіліс үшін бар кінәні өз мойыныма аламын
news-banner7
mobile-news-top

«Оқжетпестің» бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан чемпионатының 3-туры аясында «Қызылжармен» болған матч туралы түсінік берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың Инстаграмына сілтеме жасап.

Еске салайық, «Қызылжар» СК 3-1 есебімен жеңіске жетті.

«Біріншіден, мен жеңіліс үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен ешкімді ештеңе үшін айыптағым келмейді.

Егер бірінші таймда жақсы ойнасақ, екінші тайм өте сәтсіз болды.

Бізде үлкен кадрлық қиындықтар бар екендігі ешкімге құпия емес, бірден негізгі құрамның 5 ойыншысы жарақат алды. Мен бұл біздің проблемаларымыз екенін және ешкімді кінәлауға болмайтынын айтқым келеді. Екінші таймда футболшылар шығарып, ойынға өзгеріс енгізе алмадық.

Қарсыласты да атап өткім келеді. «Қызылжар» аз бюджетіне қарамастан, мықты жасақталған ұжым. Оларға алдағы матчтарда сәттілік тілеймін», - деді Карпович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер