Үш айлық үзілістен соң футбол қайта жанданды

Үш айлық үзілістен соң футбол қайта жанданды
news-banner7
mobile-news-top

Үш айға созылған үзілістен соң футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жанданды, деп жазады Prosports.kz сайты.

1 шілдеде Премьер-лиганың үшінші тур матчтары өтті. Бұл турда бес матч ойналған. Мұның алдында павлодарлық «Ертіс» чемпионатты жалғастырудан бас тартқан болатын. Көктемде өткен екі турдан соң командалардың жағдайы әр түрлі. Түрлі себепке байланысты «Қайрат», «Ордабасы» секілді клубтар бұған дейін үш матч ойнап үлгерсе, «Қайсар» мен «Қызыл-Жарда» бір матчтан болды.

Осылайша, 3-турда Алматыда өткен матчта «Қайрат» Талдықорғаннан келген «Жетісу» командасынан айласын асырды. Жергілікті команданың сапынан Камо Оганесян, Конрад Вжесиньский мен Артур Шушеначев көзге түсіп, «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша маусымда төрт матч өткізген алматылық клуб 9 ұпаймен көш бастап тұр. Ал үш рет алаңға шыққан «Жетісуда» төрт ұпай бар, команда 8-орында келеді.

«Қайрат» – «Жетісу» 3:0 (1:0)
Голдар: Оганесян 11, Вжесиньски 56, Шушеначев 90+1

Биыл Премьер-лигаға оралған «Қызыл-Жар» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдады. Есепті қонақтар сапынан Жасұлан Молдақараев ашқанымен, артынша «Қызыл-Жар» қарсыласының қақпасына үш гол соқты.

Петропавлдық клуб екі матч ойнап, үш ұпаймен 9-орынға көтерілді. Ал былтыр көрсеткіштерімен таңғалдырған «Оқжетпес» биыл төрт матчтың бәрінде жеңіліп, чемпионаттан кейін «Ертістен» кейін 11-орында тұр.

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 3:1 (1:1)
Голдар: Молдақараев 28 (0:1), Энаке 44 (1:1), Димов 76 (өз қақпасына– 2:1), Мульдинов 87 (3:1)

Ал Қостанайдың «Тобылы» қосалқы құраммен келген «Каспийді» оңай жеңді. Негізгі құрамның ойыншылары ауырып қалғандықтан жас футболшыларын алаңға шығарған «Каспий» 2:0 есебімен ұтылды. Матчтың соңына қарай «Тобылдың» сапынан Азат Нұрғалиев пен Оралхан Өміртаев көзге түсті.

Осылайша, қостанайлық клуб чемпиондық атаққа күресін жалғастырып жатыр. Команда 3 ойыннан кейін 7 ұпаймен үшінші орында келеді. Ал ұзақ жылдан кейін жоғары дивизионға оралған «Каспий» үш матчтың бәрінде жеңіліп, 10-орында тұр.

«Тобыл» - «Каспий» 2:0 (0:0)
Голдар: Нұрғалиев (80), Өміртаев (85)

Биыл еурокубокқа қатысатын «Қайсар» өз алаңында «Таразбен» тең түсті. Бірінші таймның соңында Думаш Нәрзілдаев «қасқырларды» алға шығарған. Бірақ екінші таймның басында Тони Силва көзге түсіп, тараздықтарға бір ұпай сыйлады.

«Қайсар» мен «Тараз» турнир кестесінде көршілес тұр. Қызылордалық клуб екі матчтан соң төрт ұпаймен 5-орынға жайғасты. Ал үш матч ойнаған «Тараз» төрт ұпаймен 6-орында келеді.

«Қайсар» - «Тараз» 1:1 (1:0)
Голдар: Нәрзілдаев (41), Силва (49)

Биыл Еуропа лигасына қатысатын тағы бір клуб - шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында жеңіліп қалды. Шымкентке қонақтап келген қарағандылық «Шахтер» жалғыз голдың арқасында үш ұпай арқалады. Екінші таймның ортасында «кеншілердің» франциялық легионері Жереми Манзорро гол соқты.

Төрт матчтан кейін төрт ұпай жинаған «Ордабасы» қазір 7-орында тұр. Ал үш матчтың екеуінде жеңген «Шахтер» төртінші орынға жайғасты.

«Ордабасы» - «Шахтер» 1:0 (0:0)
Гол: Манзорро (65)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер