Велоспорт

«Астана» «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысады

«Астана» «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

Веложарыстың бірінші кезеңі 4 шілдеге жоспарланған. Сенбіде басталатын дода алты кезеңнен тұрады. Велошабандоздар 19 шілдеге дейін өзара мықтыны анықтайды.

Жарыс ережесі бойынша бір кезеңге 4 спортшыдан қатыса алады. Таулы, спринтер және классификациялық нәтижелер бойынша жарыс қорытындысы шығады. Қазіргі таңда велододаға барлығы 39 команда тіркелген.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер