Хоккей

Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Ертіске» ауысты

Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Ертіске» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» хоккей клубы қақпашы Артем Микушинмен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Артем Микушин 1992 жылы 9 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Мансабында «Kazzinc- Torpedo-2» (2009 − 2013), «Аrlan» (2013 − 2014), «Beibarys» (2014 − 2020) қатарлы командаларда өнер көрсетті.

Ал өткен маусымда Микушин атыраулық «Бейбарыс» сапында 46 ойынға қатысты.

Жетістіктері: Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2015/2016, 2018/2019), Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2013/2014), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2017/2018), Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері (2017), Қазақстан Кубогының қола жүлдегері (2019).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер