Жеңіл атлетика

Sanlam Cape Town марафоны онлайн форматта өтеді

Sanlam Cape Town марафоны онлайн форматта өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Африка республикасында Sanlam Cape Town-2020 марафоны онлайн форматта өтеді.

Ұйымдастырушылар марафонды жаңа форматта өткізіп, жаңа деңгейге көтеретіндерін мәлімдеді. Мафон Virtual Marathon қосымшаcының көмегімен жазылып, қадағаланатын болады. Әр қатысушы оны сол қосымшаны қолданып, өз нәтижелерін жазып алады және басқа қатысушыларды бақылайды.

Қатысушыларға марафонның шынайы атмосферасын сезіндіру үшін ұйымдастырушылар қосымшаға көптеген функцияны қосқан. Мәселен, 5 км қашықтықты бағындырған соң сауда алағдарындағы сатушылар дауыстары мен мұхит жағалайындағы ерекше толқын дауыстары естілетін болады.

14,1 шақырымға жеткенде Нобель сыйлығының лауреты Нельсон Манделаның түрмеден шыққаннан кейін бірінші рет халыққа үндеу тастаған сөзін тыңдайды.

Марафон 18 қазанда өтеді. Қатысушылар жергілікті уақыт бойынша 6: 00-ден 10: 00-ге дейін қатысады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер