Талғардағы стадионда чемпионат ойындарын өткізуге рұқсат берілмеді

Талғардағы стадионда чемпионат ойындарын өткізуге рұқсат берілмеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар базасының стадионын тексеруден өткізді.

Базаның спорттық инфрақұрылымы жақсы күйде, табиғи футбол алаңының сапасы жоғары. Бірақ стадионда ойындардың тікелей көрсетілімін ұйымдастыруға жағдай жасалмағаны анықталды. Жалғасын табатын Чемпионаттың ойындары стадиондарда жанкүйерлерсіз өтеді, орын алған жағдайда футбол сүйер қауым кездесулерді тек тікелей эфир кезінде көруге мүмкіндік алады.

Осы жағдайға байланысты ҚКФЛ Әкімшілігі «Астана» футбол клубына Қазақстан Чемпионатының ойындарын Талғар қаласында өткізуге рұқсат бермейтінін хабарлайды.

«Астана» футбол клубы қысқа уақыт ішінде Чемпионат ойындарын өткізетін қосалқы стадион табуы тиіс.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер