Теннис

Дмитрий Попко All Lower level tournaments додасында сәтті келе жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко All Lower level tournaments додасында өзінің жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

28 маусым күні кортқа шығып, қарсыластарын үш рет жеңді. Алғашқы қарсыласы канадалық Лиама Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен ұтты. Одан кейін ол америкалық Эван Кингті - 7:5, 7:6, чилиялық Александра Табилоны 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, осыған дейін ол америкалық Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 ұпайымен басып озып, Аргентина теннисшісі Хорди Арконаденеге есе жіберген болатын. All Lower level tournaments теннис додасы қатаң талапты сақтаумен ұйымдастырылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер