ММА

Жалғас Жұмағұлов қатысатын UFC 251 турнирінің промо-ролигі жарияланды

Жалғас Жұмағұлов қатысатын UFC 251 турнирінің промо-ролигі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

UFC баспасөз қызметі 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) «Сарбаздар аралында» өтетін UFC 251 турниріне арналған жарнамалық бейнені жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шоудың басты жекпе-жегінде - Камару Усман (16-1) және Гилберт Бернс (19-3) кездеседі. Алайда кардта қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) та бар. UFC 251 жарнамалық бейнесін төменде көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва (19-3) болады. Жалғас соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, Fight Nights Global 95 турнирінде ол ресейлік Али Багаутиновты (19-7) жеңді. Пайва осы жылдың ақпан айында шайқасып, екінші раундта Марк де ла Розаны (11-5) нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер