Бокс

Танымал бокс жаттықтырушысы қайтыс болды

Танымал бокс жаттықтырушысы қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Жеңіс Жарылғапов қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

«Қазақстан бокс федерациясы еңбек сіңірген жаттықтырушы Жеңіс Жарылғаповтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Жеңіс Жарылғапов - Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің алғашқы жаттықтырушысы. Жаңаөзен командасының бас бапкері болып жұмыс істеді. Жұмыс барысында ол бірнеше ел чемпиондарын дайындады. Сонымен қатар ол Жеңіс Таймұрынов, Қанат Көптілеуов және басқа да атақты боксшылардың жаттықтырушысы болды», - деп жазды ҚБФ баспасөз қызметі.

Prosports ұжымы ардаргер жаттықтырушының отбасына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер