Маусым жалғасқан соң ҚПЛ матчтары қандай жағдайда өтеді

Маусым жалғасқан соң ҚПЛ матчтары қандай жағдайда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) бірігіп, футбол инспекторларымен бейнеконференция ұйымдастырды. Аталған футбол мамандарына футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындары кезінде коронавирус инфекциясын таралуының алдын алу мақсатымен ойлап табылған арнайы нұсқаулардың орындалуын қадағалау тапсырылады, деп хабарлайды лиганың ресми сайты.

Онлайн іс-шараға ҚФФ-ның Бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ-ның басшысы Олжас Абраев, ҚФФ-ның Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев және ел чемпионатының ойындарын ұйымдастыру шараларын қадағалайтын инспекторлар қатысты.

Санитарлық нұсқаудың қатаң талаптырына сай ойындар кезінде жанкүйерлерге стадионға кіруге болмайды. Ойын кезінде қызмет ететін қызметкерлердің саны талаптарға сай шектеледі. Сонымен қатар аталған қатаң ережелер команда өкілдеріне және ойынға қатысатын футболшыларға да қатысты болмақ.

Қосалқы ойыншылар отыратын жерде тек қана команданың бас бапкеріне, оның көмекшісіне және дәрігердің болуына рұқсат етіледі. Қосалқы құрам ойыншылары 2-3 метр арақашықтық сақтап, өз командалары отыратын орындықтардың артындағы трибунада отыруға рұқсат етіледі. Олар маска және медициналық колғап киюі тиіс. Ойын алды сапқа тұру рәсімі болмайды, негізгі құрам ойыншылары стадиондағы шешінетін бөлмеден тікелей футбол алаңына шығады. Командаларға 5 ойыншы алмастыруға рұқсат етіледі, бірақ ойын барысында кездесуді тек 3 рет тоқтатуға болады. Қосалқы құрамның ойыншылар тізіміне енді 12 адамды кіргізуге болады.

ҚФФ және ҚКФЛ басшылары футбол инспекторларынан аталған нұсқаулардың қатаң орындалуын талап етті. Федерация және лига үшін ойынға қатысатын адамдардың денсаулығы өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер