«Челси» Англия кубогының 1/2 финалына жолдама алды
![«Челси» Англия кубогының 1/2 финалына жолдама алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202006/203991_806b5f5c6ebabf82fc0df4ab26b6c6f4.jpg?v=28650018)
Англия Кубогының ширек финалындағы матчта «Челси» «Лестер Ситиді» 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жалғыз голды 63-минутта Росс Баркли соқты.
Бұған дейін Англия Кубогының 1/2 финалына «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» жолдама алды. Соңғы жартылай финалист «Ньюкасл Юнайтед» - «Манчестер Сити» ойынында анықталады.