«Алматы» командасы «Барыстың» бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты
![«Алматы» командасы «Барыстың» бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты](https://prosports.kz/upload/news/content//202006/203991_df978b8bf335e25d8efd3d18d448ef46.jpg?v=28651776)
Шайбa.kz мәліметіне сенсек, «Алматы» хоккей клубы шабуылшы Андрей Спиридоновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алматыға» Спиридонов «Ақтөбеден» ауысып келді. Онда хоккейші 60 матчта 51(15+36) ұпай жинады.
Ол сонымен қатар «Торпедо», «Барыс», «Астана», «Номад», «Бейбарыс», «Ертіс» және «Алтай-Торпедо» сияқты клубтарда ойнады.
Сондай-ақ, Андрей Спиридонов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Ұлттық құрамада сегіз әлем чемпионатында ойнады.