Күрес

Әйелдер күресінен әлем чемпионы 4 жылға спорттан шеттетілді

Әйелдер күресінен әлем чемпионы 4 жылға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Рио-2016 Олимпиадасында әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған швециядық Йенни Франссон допингке қарсы ереже бұзғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франссонның организмінен метилтестостерон анаболикалық стероиды табылған. 32 жастағы спортшы 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап спорттан шеттетілді. Осылайша ол спортқа 2024 жылдың 27 қаңтарында бір-ақ оралады.

Швециялық балуан қыз шеттетілгені туралы шешімге шағымдануға ниетті екенін хабарлаған. Франссон тыйым салынған заттың денесінде пайда болуын білмеген болып шықты.

Йенни Франссон - 2012 жылғы әлем чемпионы, ол сонымен қатар Нұр-Сұлтанда өткен 2019 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдесін және Еуропа чемпионаттарының үш түрлі марапатын жеңіп алған. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада 69 келі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер