Хоккей

Анатолий Злотников өмірден озды...

Анатолий Злотников өмірден озды...
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан хоккей федерациясы Федерацияның бірінші президенті Анатолий Петрович Злотниковтың қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жарқын бейнесі есімізде қалады...

Бүгін, 27 маусым күні, 82 жасында, Қазақстан Республикасы шайбалы хоккей федерациясының (Қазақстан Хоккей Федерациясы) бірінші президенті Анатолий Петрович Злотников қайтыс болды.

1992 - 1997 жж. Анатолий Петрович қиын кезеңінде отандық хоккейді басқара білді. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық ынтымақтастықты дамыта бастады және әлемге танымал болды. 2000-шы жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маман болды.

Анатолий Петрович екі апта бойы екі жақты пневмониямен ауырды.

Қазақстан хоккей федерациясы Анатолий Петровичтің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», - деп жазды федерация өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер