Басқа

ТМД ойындары қыркүйекте өтеді

ТМД ойындары қыркүйекте өтеді
news-banner7
mobile-news-top

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ТМД ойындарының алдын ала өтетін күні - 4-11 қыркүйекке белгіленіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта жарыстың нақты уақыты туралы мәселе Ресей Федерациясының үкіметімен келісілуге тиіс.

Еске сала кетейік, алғашқыда ойындар тамыз айында болатын еді. Алайда, мерзім соңы күзге ауыстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей сияқты елдердің спортшылары қатысады. Медальдар спорттың 21 түрінен: армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, ватерпол, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша сарапқа салынады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер