Жеңіл атлетика

Гаухар лига кезеңінің 2020 жылғы жарыс кестесі жаңартылды

Гаухар лига кезеңінің 2020 жылғы жарыс кестесі жаңартылды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан биылғы гаухар лигасының кезеңдері өтпейтін болды. Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Гаухар лигасының Париж бен Юджинде жоспарланған кезеңдері, сонымен қатар, Гейтсхедедегі додалары тоқтатылды.

Гаухар лиганың ұйымдастырушылары 2020 жылғы жарыс кестесіне өзгерістер енгізді. Жаңартылған күнтізбе бойынша 2020 жылғы екі турнир өтпейтін болса, тағы бір жарыс күзге қалдырылды. 6 қыркүйекте Парижде жоспарланған дода биыл өтпейтін болды.

Франция үкіметінің ірі шараларды ұйымдастыру туралы мәлімдемесінен кейін ұйымдастырушылар Парижде жарысты әлемдік дәрежеде өткізуге уақыт жетпейтінін ескеріп, түбегейлі өткізбейтін болып шешті. Париждегі Гаухар лиганың келесі кезеңі 2021 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. Юджиндегі "Prefontaine Classic" жарысы да өтпейтін болды.

Қазіргі таңда Орегон штатында ірі жиындарды, атап айтқанда, спорт шараларын өткізуге тыйым салынған. Мұндай шектеу қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін. Prefontaine Classic енді 2021 жылдың Орегон штатындағы университеттің жаңа Hayward Field жеңіл атлетика алаңында өтуі мүмкін.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер