Хоккей

«Барыс» минсктік «Динамомен» екі турнирге қатысады

«Барыс» минсктік «Динамомен» екі турнирге қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Минскінің «Динамо» командасы жаңа КХЛ маусымына дайындық жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Hcdinamo.by сайтына сілтеме жасап.

15 шілдеде команда маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Ойыншылар Минск-Аренаның мұзында жаттығады. 30 шілде - 1 тамыз аралығында команда Трактормен екі жолдастық кездесу өткізеді. Тамыздың басында «Динамо» нұр-сұлтандық «Барыс», сондай-ақ Корея Республикасының ұлттық құрамасы қатысатын турнирге Қазақстанға барады. Матчтар 7-11 тамыз аралығында өтеді.

19-23 тамыз аралығында Минскіде маусым алдындағы турнир жоспарланған, оған «Динамо», «Локомотив», «Барыс» және «Юность-Минск» қатысады.

Маусым алдындағы жиын Салея кубогының финалдық кезеңіне қатысумен аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер