Басқа

Қазақстан триатлон федерациясы әуесқойлар арасындағы жарыстарды өткізбейді

Қазақстан триатлон федерациясы әуесқойлар арасындағы жарыстарды өткізбейді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда COVID-19 індетінің өршуіне және соған орай барлық өңірде карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Қазақстан триатлон федерациясы 2020 жылы әуесқой спортшылар арасында жоспарланған барлық жарысты тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сілтеме жасап.

Пандемияға тек әуесқой спортшылар емес, Қазақстан триатлон федерациясының жарыс кестесін толығымен өзгертті. Салдарынан Age Group кезеңдері өтпейтін болды. Мұндай шешім біріншіден, спортшылардың қауіпсіздігі үшін қабылданған. Жарамдылығы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі Age Group санатында лицензиясы бар спортшылардың лицензиясы автоматты түрде 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болып табылады. Осыған орай, лицензияны жаңартудың қажеті жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер