Бокс

Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі келесі жылға қалды

Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі келесі жылға қалды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс қауымдастығы (АІВА) жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақытын шегерді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Жастар арасындаңы дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың 2-9 қарашасында Польшаның Кельце қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты біріншілік 2021 жылдың 10-24 сәуірі аралығына ауыстырылды. Дода 3000 адамдық "Hala Legionow" спорт кешенінде өтеді деп жоспарлануда. Жастар арасындағы әлем біріншілігіне 2002 жылдың 1 қаңтары мен 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған жас былғары қолғап шеберлері қатысады.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер