Хоккей

Төрт дүркін Қазақстан чемпионы «Снежные Барсы» клубын жаттықтырады

Төрт дүркін Қазақстан чемпионы «Снежные Барсы» клубын жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Александр Истомин елордалық «Снежные Барсы» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Александр «Барыс» хоккей клубының жүйесінде 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Оған дейін ол атыраулық «Бейбарыс» командасының бас бапкері ретінде төрт рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алған. Ал өткен маусымда Истомин «Барыс» жастар командасымен бірге «Жастар» лигасының алтын медалін жеңіп алды.

Истоминнің «Снежные Барсы» клубындағы жаттықтырушылар құрамы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер