Хоккей

«Номадқа» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Номадқа» жаңа бас бапкер тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Александр Высоцкий елордалық «Номад» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Высоцкий «Барыс» хоккей клубының жүйесінде тоғыз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы алты маусымда Высоцкий «Снежные Барсы» командасының жаттықтырушылар құрамында және Қазақстан жастар құрамасында жұмыс істеді (соңғы төрт жыл ішінде). Ал былтырғы маусымда «Астана» клубының бас бапкері қызметін атқарды.

Высоцкийдің «Номад» клубындағы жаттықтырушылар құрамы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер