«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Екінші лигада өнер көрсетеді

«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Екінші лигада өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Төрт жыл бұрын футболмен қоштасқан қазақстандық шабуылшы Сергей Лисенков мансабын қайта жалғастыруға шешім қабылдады.

Ақтөбе футбол мектебінің түлегі Сергей Лисенков алғашқы ойынын 2008 жылы «Ақтөбенің» жастар командасында өткізді. Келесі маусымда негізгі құрамда ойнады. 2014 жылы оралдық «Ақжайық» сапында өнер көрсетті.

Ал 2016 жыл «Ақтөбе» клубына оралып, Премьер лигада 1 матч, жастар командасы сапында 16 матч (9 гол) өткізді.

29 жастағы ойыншы Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 73 матч өткізіп, 13 гол соққан. Ал еурокубоктарда 11 матчқа қатысқан.

Енді ол Екінші лигада бақ сынайтын Қаратау қаласының «Игілік» командасында өнер көрсетуге ниетті. Қазір аталған клуб сапында қаралымнан өтіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер