Еркін күрес

Әлішер Ерғали: Үзілістен кейінгі жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр

Әлішер Ерғали: Үзілістен кейінгі жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық командасы төтенше жағдай режимі алынғаннан бері алғашқы жаттығу жиынына кірісті.

Команда мүшесі Әлішер Ерғалидің айтуынша, алғашқы жиында спортшыларға көп күш түсірілмейді.

- Ұзақ уақыт үзіліс алған соң, бәріміз жаттығу жиыны басталатын күнді асыға күттік. Әрине, үй жағдайында жаттығуды үзбеуге тырыстық. Бірақ интенсивті жаттығудың орны бөлек. Спортшылардың бәрі де дайындық кезеңін сағынып қалды десем, артық емес. Бұл жиында жалпы дене жаттығуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз, - дейді Әлішер.

Айта кетелік, Әлішер Ерғали 97 келі салмақта Токио Олимпиадасының жолдамасын еншілеген болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер