Басқа

Жапониялық каратешілер Қазақстан командасына видеосәлемдеме жолдады

Жапониялық каратешілер Қазақстан командасына видеосәлемдеме жолдады
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияда жоспарланған жаттығу жиынына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ҰОК пен Жапонияның Ибараки префектурасы арасындағы келісім негізінде каратеден Қазақстан құрама командасы биыл жазда Юки қаласында жаттығу жиынына қатысуы керек еді. Бүкіләлемде болып жатқан пандемияға байланысты Ибараки перфектурасының Юки қаласында жаттығу өтпейтін болды. Соған қарамастан, екі жыл ішінде қос команда өкілдері достасып үлгерді. Жоспарланған жиынға Қазақстан құрамасы қатыса алмайтын болғандықтан Юки каратешілері отандастарымызға бейнесәлемдеме жолдады. Сәлемдемеде жапониялық каратешілер кездесудің өтпей қалғанына қаймығатынын білдіріп, Қазақстан құрамасына Олимпиада жолына сәттілік тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер