Басқа

2022 жылғы Азия ойындарының музыкалық сүймелдеуіне байқау жарияланды

2022 жылғы Азия ойындарының музыкалық сүймелдеуіне байқау жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушылары шараның музыкалық сүймелдеуіне бүкіләлемдік байқау жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындары барысында музыкамен әрлейтін композицияларды бірінші кезең бойынша 2020 жылдың 30 қарашасына дейін қабылдайды. Ал ойындардың ашылу салтанаты 2022 жылдың 10 қыркүйегіне жоспарланған. «Азия ойындарын сәтті өткізу үшін бізге маңызды шараның атмосферасын музыка арқылы жеткізетін туындылар керек», дейді Ханчжоу қаласының вице-мэрі, HAGOC хатшысының орынбасары Чэнь Вэйцян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер