Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова: Біздің туымыз әлі де көкке көтерілетіне сенімдімін

Ольга Рыпакова: Біздің туымыз әлі де көкке көтерілетіне сенімдімін
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Лондандағы жарқын жеңісін есіне алды. Сонымен қатар, спортшыларды мойымауға шақырды.

"Олимпиада ойындары әр спортшы үшін ең маңызды мақсаттарының бірі, спорттың шыңы десем, қателеспеймін. Бүгін – Халықаралық Олимпиада күні. Өкінішке қарай, бүкіләлемді жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты Токиода өтетін

Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды. Бірақ, бұл спортшылар үшін берілген демалыс дегенді білдірмейді. Керісінше, жарыстар арасындағы ұзақ үзіліске қарамастан қосымша жаттығып, өзіңді шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуге берілген қосымша мүмкіндік деуге болады.

Олимпиада комитетінің шешіміне түсіністік танытқан барлық спортшыға алғыс айтқым келеді. Денсаулық – біздің өміріміздегі ең қымбат байлық. Біз алатын асу, бағындыратын биік әлі алда. Халықаралық Олимпиада күнінде, мен, әрине, алтын медаль жеңіп алған Лондондағы Олимпиада ойындарын есіме аламын. Мен сонда отандастарымның шексіз қолдауын қатты сезіндім. Сіздердің мені әрдайым қолдайтындарыңызды білдім, жеңістің тәтті дәмін бүкіл елмен бірге сездім. Бұл біздің ортақ жеңісіміз болды. Олимпиада алтынын алуда сіздердің сіңірген еңбектеріңіз ерекше, бағалы. Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуді армандамайтын спортшы жоқ шығар.

Қазақстандықтар отандастарының жеңісін тойлап, атой салатын сәттері әлі де келеді деп сенемін. Жаңа рекордттар мен жеңіске жетелейтін білікті бапкерлер барда біздің туымыз тағы да міндетті түрде биікке көтеріледі.

Баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізге сеніп, әрдайым мықты болуға, күшті болуыға шақырамын", - дейді Ольга Рыпакова өзінің құттықтауында.

Айта кетерлігі, Ольга Рыпакова Қазақстандағы ең тәжірибелі Олимпиадашылардың бірі әрі бірегейі. Ол өзі қатысқан үш Олимпиададан да жүлдемен оралған. Қазіргі таңда өзінің төртінші Олимпиадасына қатысуға дайындалып жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер