Грек-рим күресі

Нұрбақыт Теңізбаев: Олимпиада кілеміне шыққанда маған жеке бапкерім күш берді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде. Қазақстандық спортшылар да өз кезегінде жанкүйерлерін құттықтап, Олимпиада естеліктерімен блісуде. Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, грек-рим күресінің шебері атанған Нұрбақыт Теңізбаев та құттықтаудан қалыс қалмай, нағыз Олимпиадашыға тән қасиеттерді атап өтті.

"Олимпиадашының бойында бір ғана қасиет болмау керек. Ең бірінші бабына келіп, күш-қуаты тасыған, рухы басым болу керек. Сонымен қатар ең бастысы өзін жеңген адам болу басты талап. Спортшы алдымен өзін жеңу керек. Содан кейін қарсыласын жеңеді. Өзін жеңу деген, іштей қорқыныш пен қобалжуды бір қалыпқа түсіру деген сөз", - дейді Нұрбақыт.

Сонымен қатар, өміріндегі ең маңызды сәт - Олимпиада жолдамасына қол жеткізген сәтімен де бөлісті.

"Олимпиада ойындарына мен жолдаманы Бакуде алдым. 2007 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Басты мақсаттың бірі жолдама мен бірге чемпион болу еді. Өкінішке орай чемпиондық бұйырмады. Жолдаманы уысыма түсірдім. Есте нені сақтау десеңіз, ең бастысы ештеңені ойламай күреске дейін өзіңмен күресіп, күрес кезінде қарсыласпен күресу керек. Екеуінде жеңіуің басты міндет".

Нұрбақыт Олимпиада ойындарын спорт мансабындағы ең ерекше кезеңі деп бағалайды.

"Сол кездегі бір ғана естелікті айтып өтейін. Қола жүлдеге талас кезі. Алдында ұтылып қалғаным бар. Ақтық сында белдесуім керек еді, мынадан ұтылсам, тағы да бос қайтам ба, деген ой қатты мазалады. Іштей өзімді қатты қайрадым. Сонымен кілемге шақырды. Күресуге келе жатқанда залдың ішінде қаптап отырған жанкүйердің ішінен бапкерім Құдайберген Ағымов ағайымды (бапкерім) көрдім. Қалған жанкүйерлердің барлығы тұман секілді болып, Құдайберген ағайым жалғыз өзі сол топтың арасынан алтындай жарқырап анық көрініп тұр. Ойлаңызшы, үлкен залдың ішінен жалғыз адамды тауып алу деген. Ал мен соны таптым. Ол кісі ерекше көрінді және маған үлкен салмақты күш берді. Нәтижесінде мен жеңіске жеттім. Қоржыным бос қайтпады, қоланы мойныма тақтым. Бұл менің ұмытылмас естелігім", - деді спортшы.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер