Хоккей

«Барыстың» жастары шілде айында оқу-жаттығу жиынын бастайды

«Барыстың» жастары шілде айында оқу-жаттығу жиынын бастайды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» ХК жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынының басталатын күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Шілде айының басында «Барыс» ХК жүйесінің жас ойыншылары ресми түрде демалыстан шығады.
1-2 шілдеде ойыншылар міндетті медициналық тексерістен өтеді, 3 шілдеде жаттығулар бағдарламасы басталады. Жаттығу «Барыс Аренада» өтеді.

Ойыншылар тізімі.

Қақпашылар: Денис Каратаев, Сергей Кудрявцев, Максим Павленко

Қорғаушылар: Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Самат Данияр, Мадияр Ибрайбеков*, Артем Королев, Тамирлан Гайтамиров*, Мади Диханбек, Никита Клещенко.

Шабуылшылар: Алихан Әсетов, Кирилл Панюков, Максим Мухаметов, Батырлан Мұратов, Иван Верещагин, Саян Данияр, Артур Гатиятов, Максим Мусоров, Дмитрий Преснов, Диас Гусейнов и Станислав Александров.

Қазіргі таңда осы хоккейшілердің клубпен келісімшарттары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер