Жеңіл атлетика

Павлодар облысында Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон жарияланды

Павлодар облысында Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Марафонға қатысушылар 40 күнде 175 шақырым жүгіріп өтуі тиіс, деп хабарлайды Prosports.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн марафонды Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ertis Runners клубы өткізуде. - Марафонның басты шарты – 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 175 шақырым жүгіру, - деді Ertis Runners клубында.

– Бұған кез келген адам қатыса алады. Тіпті ауылдық жерлердегі адамдардың да қатысуына мүмкіндік бар. Қай жерде, бір күнде қанша шақырым жүгіретінін өздері біледі. Қанша қашықтық жүгіргендері туралы Whatsapp арқылы бізге жібереді. Біз деректерді арнайы бағдарламада тіркеп отырамыз. 10 тамызға дейін 175 шақырымға жетсе болғаны.

Ertis Runners жүгіру клубында жеңімпаздар 3 номинация бойынша марапатқа ие болатынын айтты.

- Қатысушылар арасынан «Ең жылдам», «Әлеуметтік желідегі ең белсенді» номинациялары бойынша сыйлықтар үлестіріледі. Үшінші номинация алдағы уақытта жарияланады. Қатысушыларға құнды кітаптар сыйға тартылып, белсенділерге арнайы сыйлықтар беріледі, - деді клубта.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер