Бельгиялық футболшы Қазақстан құрамасына қарсы матчты есіне алды

Бельгиялық футболшы Қазақстан құрамасына қарсы матчты есіне алды
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық «Лестер» мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Деннис Прат Het Nieuwsblad-қа берген сұхбатында былтыр Қазақстан құрамасына қарсы өткен матчты есіне алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Сол кезде осындай үлкен командаға көмектесе алатын деңгейде екенімді көрсеттім. Алайда екі түрлі сезімде болдым, себебі сол кезде әжем қайтыс болған», - деді Прат.

Еске салайық, ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Бельгия матчы 2019 жылы 13 қазанда «Астана Аренада» өтіп, қонақтар 2:0 есебімен жеңген. Прат сол матчта нәтижелі пас берген болатын.

Жалпы алғанда Деннис Прат Бельгия құрамасы сапында алты матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер