Командалық

ҰБА басшылығы Флоридада коронавирустың көбеюіне алаңдаулы

ҰБА басшылығы Флоридада коронавирустың көбеюіне алаңдаулы
news-banner7
mobile-news-top

ҰБА басшылығы мен ойыншылары биылғы маусымды аяқтау жоспарланған Флоридада коронавирус ауруының көбеюіне алаңдап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сенбі күні коронавируспен 4 049 адам ауырған.

Штатта ең көп зардап шеккені - Оңтүстік Флорида, ҰБА маусымы өтуге тиіс Орталық Флоридада ауру саны аса көп емес. ҰБА Комиссары Адам Сильвер Флорида штатында коронавирус өсуінің маңыздылығын мойындайды, бірақ маусымды жалғастыру жоспарын жүзеге асыруға бел буып отыр.

ҰБА өкілі лиганың Флоридада ауруды бақылайтынын және оған қатысушы барлық тараптармен кеңесіп жатқандығын айтты.

Наурызда коронавирустың кесірінен тоқтаған ҰБА маусымы шілде айының соңында жалғасуы керек. Маусым айының басында лиганың басқарушы кеңесі 22 командамен турнирді жалғастыру форматын бекіткенін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер